Нөсер – Адырбек Сопыбеков

Бұл бетте «Нөсер» атты Адырбек Сопыбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Іркес-тіркес ығысқан
Бұлттар үлкен аймақты ап,
Шыға келді шығыстан
Ақ тайлақтай ойнақтап.

Түйіліп кеп қабағы,
Қаптап алды аспанды.
Сатырлатып даланы
Аппақ нөсер басталды.

Үй үстінен аунады,
Тамшы жерге секірді.
Менің апам ауланы
Жуып жүрген секілді.

Су дегенің шүмектеп,
Сорғалайды тамшылап.
Шыбық атты біз ерттеп,
Шауып кеттік қамшылап.

Шаңын жуды лезде
Діріл қаққан жапырақ.
Ойдым жерде бір кезде
Көлшік тұрды жалтырап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нөсер өлеңінің авторы кім?

Адырбек Сопыбеков — осы өлеңнің авторы.

Нөсер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нөсер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Адырбек Сопыбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нөсер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері