Көкте бұлттар қансырап тұр – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Көкте бұлттар қансырап тұр» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3498
Көкте бұлттар қансырап тұр,
Оқтар жыртып қорғасындай.
Тағы жаңбыр тамшылап тұр,
Сорғалаған көз жасындай.
Жатыр ұйықтап барлаушылар,
Разведкадан жаңа оралған.
Тағы да олар жауға шығар,
Тағы ұзатар жаралы орман.
Өтті өмірден байланысшы...
Жалғап сымды тістеп өліп.
Жатыр ма олар сол туралы,
Тірілтердей түстер көріп.
Түсті жайдың оғы келіп,
Балапандай тал шыбыққа.
Өртенеді екен өзен
Кім біліпті жайшылықта.
Кім көріпті судың жанып,
Қып-қызыл боп өртенгенін.
Кім көріпті шуыл қағып,
Емендердің ерте өлгенін.
Көкте бұлттар қансырап тұр,
Оқтар жыртып қорғасындай.
Тағы жаңбыр тамшылап тұр,
Сорғалаған көз жасындай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкте бұлттар қансырап тұр өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Көкте бұлттар қансырап тұр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көкте бұлттар қансырап тұр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көкте бұлттар қансырап тұр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері