Қаратау

Бұл бетте «Қаратау» атты Cырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 3
  • 21150
(Ғабит Мүсреповке)
«Басынан Қаратаудың көш келеді...»
Осы еді ата-баба ескі өлеңі.
Жатталып көне дала көкірегінде
Осы өлең жылдармен бір көшкен еді.
Қалпына қарапайым қарамастан,
Қаныма қалған ұйып бала жастан.
Тұратын көз алдымда көлеңкедей,
Қаратау қанды жаңбыр,
қаралы аспан.
Даланың дал-дұл болып омырауы,
Ел босып боз інгендей аңырады.
Ақтабан шұбырынды Алқакөлде
Шайқалды қазақ ата шаңырағы...
Қаратау, шығып кеше асқарыңа,
Қарадым бұлтсыз мөлдір аспаныңа.
Енді сен қамкөңілді қария емес,
Ұқсайсың өз еліңнің жас шағына.
Қарасам түнде қалың ормандайсың,
Ал күндіз киіз үй боп қонғандайсың.
Құйылған қорғасыннан құрыш қамал,
Енді сен жау ала алмас қорғандайсың.
* * *
Күн жарқ етіп төгіп нұр
Көшті көктен бұлт қалың.
Көрінді тағы көгілдір
Кішкене тауы Бұқпаның.
Келгеніңде сағынып,
Көз алдыңда - ол ұдай.
Көлге барып шомылып,
Су ап қайтқан сұлудай.


Пікірлер (3)

асемгул

сипаттама керек ед

асемгул

каратау оленине сипаттама керек ед

Асем

Шығармасын жазып қоясыздарма өтініш

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаратау өлеңінің авторы кім?

Cырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Қаратау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаратау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Cырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаратау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері