Өлең, жыр, ақындар

Болашақ ғарышкердің «сапары»

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

(Қиял-ғажайып)

Бұл ғажайып ертегі
Болжап шындық – ертеңді,
Қиялымды шертеді:
Өтер балғын бала шақ,
Өмір-қызық болашақ:
Сол болашақ жайында
Сыр айтайын, пайымда.

Көп жасасаң, көресің,
Мен болашақ кемесін
Айдап бардым алысқа:
Айдан арғы ғарышқа.
Қилы жұмыс меңгердім,
Қиындықты жеңгемін.
Айта бермей мол мұңды,
Жүріп өткен жолымды
Баяндайын сендерге:
Ерекше сыр оттығы –
Ер көлігі от нұрлы
Зымыранға мініп ап,
Айға бардым зымырап.
Айда сайлап кемемді,
Ары ұштым мен енді.

Меркурийге қондым да,
Бір күн қонақ болдым да,
Жеттім ұшып Шолпанға.
Қалдырдым да қолтаңба,
Қанша уақыт болғанда,
Юпитерге қонғанда,
Сақиналы Сатурн:
– Кел, – деді, – тез, батырым!
Сатурнның үстіне
Самғап барып, түстім де,
Одан ұшып, Уранға
Қондым барып ұрандап.
Одан ұшып, шарықтап,
Ойлап істі парықтап,
Үстеме боп екпінім,
Үстіне қондым Нептунның.
Самғадым да арманға,
Плутонға барғанда:
– Жеттім, – дедім, – арманға!
Білмей көп жыл өткенін,
Қайта айналып, сағынып,
Жер-анама жеткенмін.
Ғаламшардың бәрінен,
Әрі қуат, әрі дем
Жер-анамыз жақсы екен:
Аман болсын Бас мекен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Болашақ ғарышкердің «сапары» өлеңінің авторы кім?

Әдібай Табылды — осы өлеңнің авторы.

Болашақ ғарышкердің «сапары» өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Болашақ ғарышкердің «сапары» өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әдібай Табылды өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Болашақ ғарышкердің «сапары» өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері