Ертісім – еркем – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Ертісім – еркем» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ән келеді Ертістің жағасынан,
Таң келеді тербеліп даласынан.
Ақ айдыннан тұрады жүзін өріп,
Ақ сарайлар ақша бұлт арасынан.

Қайырмасы:
Ертісім-еркем,
Таулары көркем,
Баулары жұпар –
Туған өлкем!

Мұнаралар аспанның тіреуіндей,
Балғын дала арудың іреңіндей.
Күмбірлейді кеудесі Керекудің
Соғып тұрған Арқаның жүрегіндей.

Қайырмасы:

Білем саған, қалқатай, жан жетпесін,
Тау балбырап, көл толқып, тал көктесін,
Қол ұстасып екеуміз бір шырқайық,
Баянтаудың басынан ән кетпесін!

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ертісім – еркем өлеңінің авторы кім?

Сағи Жиенбаев — осы өлеңнің авторы.

Ертісім – еркем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ертісім – еркем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағи Жиенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ертісім – еркем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері