Шамшырақ – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Шамшырақ» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сен әкелдің далаға нұр-шуақты,
Жанымыздың гүлдері бүршік атты.
Асығамыз өзіңмен кездесуге
Көгімізден көрінер күн сияқты.

Қайырмасы:
Шам-шырағым,
Таң шуағым,
Сен жайлы жүректерде
Қалсың әнім

Сенің сәулең жердегі аппақ арай,
Қызығатын шыққан күн, батпаған ай,
Ақ жұлдыздар ұшады көкжиектен
Сенің қолың сілтеген жаққа қарай.

Қайырмасы.

Бақыттысың, сен елдің мақтанысың,
Талай ғасыр тебіреніп тапқанысың.
Мұхиттарды шарлайсың, құрлықтарды
Жер бетінде тыныштық сақтау үшін.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шамшырақ өлеңінің авторы кім?

Сағи Жиенбаев — осы өлеңнің авторы.

Шамшырақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шамшырақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағи Жиенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шамшырақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері