Далам менің – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Далам менің» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Кең жазира, көгілдір далам менің,
Өзіңсің ғой сағынсам, шіркін-ай,
дариға-ай, барар жерім.
Толқындарың қаныммен бірге тулап,
Сүйейді қолтығымнан, туған жер,
туған жер, самал желің.

Қайырмасы:
Туған жер,
Дарқан ел
Байлығымсың,
Бақытымсың.

Таныс маған даламның әр дыбысы,
Көл сыбыры, жел шуы, шіркін-ай,
дариға-ай, тау тынысы.
Сен сияқты менің де бар бойымда,
Шалғын иісі, гүл иісі, туған жер,
туған жер, дәннің иісі.

Қайырмасы:

Сен тұрғанда осылай күйге балқып,
Ақ төсіңде жұпарлы, шіркін-ай,
дариға-ай, гүлдер аңқып.
Мен жүремін көркіңе көзім тоймай,
Аспаныңда ауаңмен, туған жер,
туған жер, бірге қалқып.

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Далам менің өлеңінің авторы кім?

Сағи Жиенбаев — осы өлеңнің авторы.

Далам менің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Далам менің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағи Жиенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Далам менің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері