Өлең, жыр, ақындар

Қырғыз қызына

Алатаудың ақ маралы,
Ақ тамағы сен бе едің?
Неге сонша көп қарадың,
Неге жанды сен тербедің?
Қадалды ғой от жанарың,
Неге жақын бір келмедің?

Қызыл-жасыл таудың гүлін
Сыйлайын ба, бал-құрбым?
Алатаудың бар бұлбұлын
Жинайын ба, асыл құрбым?
Ән мен гүлге балбыратып,
Жырлайын ба, асыл құрбым?

Ерші маған, балғын жүзім,
Құшағымды ашайын,
Аспанымның ақ жұлдызын
Шашуыңа мен шашайын,
Алып ұшып аққуымды
Алатаудан бір асайын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Достар құшағында

  • 0
  • 0

Достар құшағында
Қасымда бүгін достарым менің,
Құшағым толы қырмызы гүлдер.
Сағи Жиенбаев

Толық

Көңіл елтіп бір аққудың әніне

  • 0
  • 0

Көңіл елтіп бір аққудың әніне,
Кетем кейде Алатаудан әрі де...
Көз алдында дүние балқып жатқанмен
Сағи Жиенбаев

Толық

Сағындым сені

  • 0
  • 0

Сағындым сені - Сағи Жиенбаев
Сағындым сені, жалғызым менің – жан анам,
Жаутаңдап ылғи жолыма күнде қараған.
Жадымда қазір өзіңнің қоңыр дауысың,

Толық