Қырғыз қызына – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Қырғыз қызына» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Алатаудың ақ маралы,
Ақ тамағы сен бе едің?
Неге сонша көп қарадың,
Неге жанды сен тербедің?
Қадалды ғой от жанарың,
Неге жақын бір келмедің?

Қызыл-жасыл таудың гүлін
Сыйлайын ба, бал-құрбым?
Алатаудың бар бұлбұлын
Жинайын ба, асыл құрбым?
Ән мен гүлге балбыратып,
Жырлайын ба, асыл құрбым?

Ерші маған, балғын жүзім,
Құшағымды ашайын,
Аспанымның ақ жұлдызын
Шашуыңа мен шашайын,
Алып ұшып аққуымды
Алатаудан бір асайын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қырғыз қызына өлеңінің авторы кім?

Сағи Жиенбаев — осы өлеңнің авторы.

Қырғыз қызына өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қырғыз қызына өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағи Жиенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қырғыз қызына өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері