Қуаныш пен қорқыныш арасында – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қуаныш пен қорқыныш арасында» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1205
(аударма)

Аяғыңның астындағы балшықта
жауыз бұғып жатқанда,
хош иісті бақтарда
жас сәбиді шырылдатып нұры жеген
осынау бір шақтарда
адам болып жүру қандай қорқыныш!
Күн асылып аспанға
аппақ сәуле шашқанда,
Жер әніне басқанда,
ұяты жоқ жауыздар мен құрттардың
зәре құты қашқанда
адам болып жүру неткен қуаныш!
Қуаныш пен қорқыныштың арасы -
әлем, бейне Нигер менен
Оңтүстіктің даласы.
Ол далада маримба үні,
тамтамдардың ырғағы
қас қағым да тынбады.
Қолдар менен дауыс кернеп алабын
ол далада шырқап жатыр
Африканың жеңісті әуен -
жаңа әнін.

АГОСТИНЬО НЕТО


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қуаныш пен қорқыныш арасында өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Қуаныш пен қорқыныш арасында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қуаныш пен қорқыныш арасында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қуаныш пен қорқыныш арасында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері