Есіңде бар ма? – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Есіңде бар ма?» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жаз өтті талай,
Жайқалды нулар.
Арада жылжып
Барады жылдар.
Көшті ғой бұлттар,
Өсті ғой гүлдер,
Есіңде бар ма
Балауса күндер?!

Қайырмасы:

Есіңде бар ма
Балауса кездер,
Шоқ болып жанған
Қарақат көздер.
Дуылдап дене,
Балқыған өмір,
Балапан құстай
Толқыған көңіл.

Қызғалдақ қуып
Қырмызы белден,
Желбіреп қырда
Жарысып желмен.
Қайтатын едік
Сағымды бойлап,
Алаңсыз күліп,
Армансыз ойнап.

Қайырмасы:

Қараса біреу,
Жанарын сүзіп,
Көрінер еді
Дүние қызық.
Аңсайды көңіл,
Аңсайды бүгін –
Бейкүнә сәби
Балауса күнін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Есіңде бар ма? өлеңінің авторы кім?

Сағи Жиенбаев — осы өлеңнің авторы.

Есіңде бар ма? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Есіңде бар ма? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағи Жиенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Есіңде бар ма? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері