Еділден өткенде – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Еділден өткенде» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2334
Рауандап таң да атты,
Мен Еділден өткенімде.
Тұрды алдымда бір салт атты,
Қолын созып көкте күнге.
Қиялымен көкті кезген
Кең дүниені орағандай.
Оның өткір көздерінен,
Шашырап от тарағандай.
Ширатылған қара мұрты,
Қанатындай қыран құстың.
Қан майданғы жүзі айбарлы,
Жалтылдаған ақ қылыштың.
Күлімсіреп күншығыс жақ,
Келеді атып таңғажайып.
Таңды қарсыап бізбен бірге,
Ат үстінде тұр Чапаев.
1949


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Еділден өткенде өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Еділден өткенде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Еділден өткенде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Еділден өткенде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері