Өлең, жыр, ақындар

Қара көздерім

  • admin
  • 26.10.2024
  • 0
  • 0
  • 488
Ырзамыз барлық ісіңе,
Періште қара көздерім,
От пенен судың ішінен
Бізді алып шыққан өздерің.
Қызықтың бәрін құрбан ғып,
Біз үшін күйіп-жандыңдар,
Бізді ойлап жүріп, жылдардың
Өткенін білмей қалдыңдар.

Тұншығып іште жалыны
Жана алмай қалған отсыңдар,
Таранып, моншақ тағынып,
Бойды да күткен жоқсыңдар.
Қырманда жүріп бой жеттің,
Қырларда кетті көп күндер,
Түрлерін іздеп көйлектің,
Таңдап та кимей кеттіңдер.

Жайнайтын кезің келді енді,
Жетеді маржан, лағылдар,
Жазғырмайды ешкім сендерді,
Асылдың бәрін тағыңдар.
Оралсын балғын кездерің,
Қалмасын кірбің кеудеңде.
Періште қара көздерім,
Жасаймыз жұмақ сендерге!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Оң аяқ

  • 0
  • 0

Күн ұзаққа шөп шауып,
малды бағып,
Таң алдында жантайып қалғып алып,
Отыратын бір мезгіл кілең жесір

Толық

Біріне-бірін жақын ғып

  • 0
  • 0

Біріне-бірін жақын ғып,
Ортаға жасыл гүл еккен,
Өзі мен менің атымды
Сағи Жиенбаев

Толық

Құрбыға

  • 0
  • 0

Құрбыға - Сағи Жиенбаев
Балғын гүлдер
Жайнаушы еді далада.
Балғын гүлдер

Толық

Басқа да жазбалар