Бұл бетте «Шілдехана жыры» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 27.10.2024
- 0
- 0
- 1054
Келді өмірге бір бөбек,
Кеудесіне гүл бөлеп.
Бүгін айтар жыр бөлек.
Бүгін шығар үн де ерек.
Ақ жүзінен сәбидің
Аймаласын күн де кеп.
Айналайын апасы,
Айналшақтап жүрме көп.
Жарқын болсын өмірі
Жаздың әсем таңындай,
Таза болсын көңілі
Таудың аппақ қарындай.
Өзен болсын пейілі
Өз халқының жанындай,
Жатсын күнде үйінен
Жақсы қонақ арылмай.
Төбесіне көтерер
Ұлы болсын елінің.
Көрген адам қызығар
Гүлі болсын жерінің.
Көктем болып жүрсін де,
Көтерсін жұрт көңілін.
Арлы болсын қашанда,
Алды болсын теңінің.
Айттым бәрін тілектің,
Ата-енесі білсін деп.
Құйттайынан бөбектің
Құлағына құйсын деп
Асқар таудай әрдайым
Алдымызда тұрсын деп.
Ат қояйық, бүкіл ел
Атын атап жүрсін деп!
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі