Өлең, жыр, ақындар

Әйбат әдет

  • admin
  • 28.10.2024
  • 0
  • 0
  • 425
Ретім жоқ «Қап!» дер менің,
Білім оты — тұтатқаным.
Жиналыңдар, дәптерлерім,
Жиналыңдар, кітаптарым.
Істерім бар талаптанған,
Қалай болмақ үлгерімім?
Баға әкелем сабақтардан,
Қалып қойма, күнделігім.
Әдетінен жаңылмасын,
Дайын тұрсын автоқалам.
Қалып қойма, қарындашым,
...Өкпелерің жоқ па маған?
Осы әдеттен жаңылмайық,
Түгелденіп аттанайық.
Бірге алғыс қабылдайық,
Ылғи бірге шаттанайық.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бағдаршам

  • 0
  • 0

Үш көзді дәу – қырағы
Жолторапта тұрады.
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін:

Толық

Менің ұйқым

  • 0
  • 0

Менің ұйқым
Тыныш дала,
үй,
Ертай Ашықбаев

Толық

Есік алды

  • 0
  • 0

Есік алды - Ертай Ашықбаев
Шықтым есік алдына,
Ойға қиял толып бір.
Желкілдеп тұр тал мына,

Толық