Өзгерген өлке – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Өзгерген өлке» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2885
Шілдеде шарлап аңызақ,
Жонына күзде сыз өтіп,
Қысында боран азынап,
Ала алмай бойын түзетіп,
Жаңбырды бұлттан тіленіп,
Сағымды көзі жаудырап,
Жататын дала түнеріп,
Қаусаған шалдай қаудырап.
Тырнадай көшкен тізіліп,
Талай жаз, талай күз өтті.
Жаңадан карта сызылып,
Жас орман жонды күзетті...
Даланың дастарқанына
Бауырсақтай төгілген.
Күн шымылдық ашқанда
Жер гулейді егінмен.
* * *
Жауып ескі аңызды
Қөрсетпейді қар көміп.
Түсіп жатқан тәрізді
Қар емес сол дән болып.
Қойны-қоншын толтырып,
Қарық болып қалды дүз.
Жер астында қорытылып,
Шығар жазда дән - жұлдыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзгерген өлке өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Өзгерген өлке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзгерген өлке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзгерген өлке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері