Мектеп – Cырбай Мәуленов

Бұл бетте «Мектеп» атты Cырбай Мәуленов жазған білім туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 1
  • 7365
Көкке бойы өрлеген,
Көк шатырлы мектебім.
Өткізіп ем сенде мен
Өмірімнің көктемін.
Бойды билеп қуаныш
Саған алғаш барып ем.
Дүниеге тым алыс
Жас кезімді салып ем.
Толқыны ойнап сезімнің
Толғана сенен шыққанмын,
Өмірімдей өзімнің
Әліппеңді ұққанмын,
Жылдар озып кетсе де
Жылы көрем жүзіңді.
Отырғанда кеңседе
Ұмытпан сол кезімді.


Пікірлер (1)

Түркменбай Нұрислам

Маған 2ұлғамектеп туралы өлең

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мектеп өлеңінің авторы кім?

Cырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Мектеп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мектеп өлеңі не туралы?

Бұл шығарма білім туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Мектеп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері