Өлең, жыр, ақындар

Айқайлап құттықтаймын, туған жер!

Ай менен Күн төгілткендей нұрдан сел,
Үздік табыс құтты болсын, туған жер!
Алты миллион тонна астық алғанда,
Шыққан екен талай жылғы буған тер.
Барша қазақ қуанады бұған, ел,
Салтанатқа маңдайыңды бұра бер.
Елестейді алты Алаштың тойында
Бәйге өрінде дара келген Құлагер.
Сегіз сері ақ батасын бергендей,
Сәбит, Ғабит алақайлап ергендей.
Мағжан ағам аунап түсер ұйқыдан,
Батыр Баян сүйінші сұрап келгендей.
Құттықтайды Солтүстікті Астана,
Қолпаштайды аймақтарым басқа да.
Орала берсін үйірімен үш тоғыз,
Көп жеңіске болсын құтты бастама.
Құттықтайды Көкшетау мен Қостанай,
Қанаттастар шыдамайды қостамай.
Елбасын да бөледіңдер шаттыққа,
Сенім артса аузынан бір тастамай.
Ыстық шілде шырай бұзып қанша күн,
Қинаса да басты серттен тартпадың.
Құдай беріп, сүмбіледе шөл қанып,
Озық шығып, ел сенімін ақтадың.
Алтын өлке, жеңіс болып жолдасың,
Құт­береке ел сүйсінген орнасын!
Сайыстарда тап осылай жеңе бер,
Абылай ханның аруағы қолдасын!

14.10.2009.
Астана


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Асықпайын

  • 0
  • 1

Асықпайын - Кәкімбек Салықов
Сан жығылып тұрдым ғой,
Жасытпайын,
Ғашықтайын қалай жыр тасытпайын?

Толық

Агротехуниверситет ән ұраны

  • 0
  • 0

Агротехуниверситет ән ұраны
Туған елдің ен байлығы ауылда,
Қолқанатпыз сол ардақты бауырға.
Кәкімбек Салықов

Толық

Ән-күйдің Марғұланы, Магелланы

  • 0
  • 0

Ән-күйдің Марғұланы, Магелланы
(Илья Жақановқа)
Мінгені – тұңғыш әні «Жалғыз қайық»,
Кәкімбек Салықов

Толық