Өлең, жыр, ақындар

Агротехуниверситет ән ұраны

  • admin
  • 01.09.2024
  • 0
  • 0
  • 490
Туған елдің ен байлығы ауылда,
Қолқанатпыз сол ардақты бауырға.
Асқақтаса шаңырағы ауылдың,
Бақыт құсы қонар барша қауымға.

Қайырмасы:
Агротехтің түлегі,
Ауылымның тірегі.
Құт, береке, молшылық,
Ұстаздардың тілегі.

Ауылды ойлап білім төрі құралды,
Сәкен-аға есімінен нұр алды.
Тәуелсіз ел кең даласын жайнатар,
Қарсы аламыз жаны ауылға құмарды.

Қайырмасы

Астананың аясында өсеміз,
Кешегіден асып түсер есеміз.
Ауылдарым биіктерге самғай бер,
Алтын қанат жалғап бірге жетеміз.

Қайырмасы



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қазақтану тірегі

  • 0
  • 0

Асылын сыйлау ұлтымның –
Тұғыры берік ғұрпымның.
Кәрібжанов Фазылды
Еске алуды ұмтылдым.

Толық

Кездескенде қырымда

  • 0
  • 0

Теңізге келдім өр жойқын,
Жүруші ем мауқым басылмай.
Бұрқырап жатыр көк толқын
Әбіштің бұйра шашындай.

Толық

Атағын берсін Ғабеңнің

  • 0
  • 0

Атағын берсін Ғабеңнің
Оңдасын Әшімовке
Ғабит аға тойында
Кәкімбек Салықов

Толық

Қарап көріңіз