Өлең, жыр, ақындар

Ән-күйдің Марғұланы, Магелланы

  • admin
  • 03.01.2025
  • 0
  • 0
  • 445
(Илья Жақановқа)

Мінгені – тұңғыш әні «Жалғыз қайық»,
Жасынан бақ жұлдызы жанды лайық.
Қосыла Есіл – Нұра қол сілтеді,
Ол кетсе қайдасың деп Еділ – Жайық.
Құм Нарын боз інгенін боздатқандай,
Жан сырын жабық жатқан қозғап қандай.
«Еділ мен Жайық» атты ән заулады,
Қарт Каспий ғасыр мұңын толғатқандай.
Тарқады Қаратаудың терең шері,
Балқыды Алатаудың белеңдері.
Жамбылдай бата беріп құттықтады
Ән-күйдің Нұрғисадай кемеңгері.
Туған ел шартарабын аралады,
Біржан сал, Ақан әнін саралады.
«Гәккуін» Үкілі Ыбырайдың тыңдай-тыңдай,
Жаяулап сексен көлді жағалады.
Күйлі ағын өріс тапты бар талабы,
Сан қилы ән тарихын арқалады.
«Жезкиік» Сарыарқада сәлемдессе,
Мәди боп құшақ жайды Қарқаралы.
Бармаған жер, баспаған тау қалмады,
Қай қырғыз атын айтсаң таңданбады,
Қыздары «Чоң аға» деп ардақтаса,
«Әселдей» туды әннің балқаймағы.
Атанса ән мен күйдің Марғұланы,
Молайды шапағатты таң шуағы.
«Кеңгірдің қоңыр кешін» түрлендіріп,
Жайқалды Жезқазғанда ән шынары.
Маған да бар сұлу саз жолдағаны,
«Асыл жар»– махаббаттың қолдағаны.
Қай қызға арнағанын ішің білсін,
Келінге тартуым деп толғанады.
Көптен көп сері жанда өнер саны,
Әңгіме, жазды талай новелланы.
Ән іздеп жердің бетін жеті айналған,
Илья – қазағымның Магелланы.

13.06.2003.
Жезқазған



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Эйнштейннің жауабы

  • 0
  • 0

Эйнштейннің жауабы
Шен өсіру талабы,
Бәріне тиер сауабы.
Кәкімбек Салықов

Толық

Нашар досқа басымды көп шайқадым

  • 0
  • 0

Нашар досқа басымды көп шайқадым
Көзге өтірік мақтайды.
Кей жігітті тыңдап көп сыр байқадым,
Кәкімбек Салықов

Толық

Қызылжар ескерткіш орнатты

  • 0
  • 0

Нар тұлға, еңсегей ер еді,
Металлург лауреат атанған.
Мейірбан мінезі кең еді,
Ерекше көрінген қатардан.

Толық

Қарап көріңіз