Анюта – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Анюта» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2241
Орыс қызы жаны бір,
Кеудемдегі өлеңдей.
Жас Анюта әлі жүр,
Көңілімде көнермей.
Сонау бала күнімде
Жатыппын мен ауырып.
Күрмеліпті тілім де,
Күйзеліппін жабығып.
Жүрегіме балаған,
Ұлыма ажал келдідеп,
Отырыпты жан анам,
Көзінде жас мөлдіреп.
Есітіп жайсыз хабарды,
Ауылдағы әкем де,
Елемепті боранды,
Қарамапты қатерге.
Қызметтен сұранып,
Күнде суыт жүріпті.
Боран арсыз жынданып,
Құтырынып тұрыпты.
Маған көрші селодан
Анюта қыз келіпті.
Жалт қараппын мен оған,
Бір дәріні беріпті.
Жайнап жүзім сазарған,
Ауру бұлты ауыпты.
Анюта қыз ажалдан
Арашалап қалыпты.
Бейнесі оның бір бөлек,
Көптен сақтап келем мен.
Әттең, шіркін, не керек,
Бере алмаймын өлеңмен.
1950


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Анюта өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Анюта өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Анюта өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Анюта өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері