Ұлытау жайлы үзік сыр – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Ұлытау жайлы үзік сыр» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Даналықтың қызықсам салтына бір,
Қарт Ұлытау төгілер атына жыр.
Отансүйгіш көтерген рухымды,
Өзі де бір көсем тау, даңқы да бір.
Ойнақтаған тау-бөктер кілемінде,
Салтанат бар көп киік легінде:
Ақ Шоқыны айналып өтіп жатыр
Білезіктей сұлудың білегінде.
Бауыр басқан таулардың көп легі,
Қарт Ұлытау – солардың төргі шебі.
Етегінен ғарышқа ұшқан кеме
Жетегінен шыққандай көрінеді.
Әлімсақтан Ұлытау алшақтайды,
Кен табылар қай жерден қазсақ сайды.
Жезқазғанға Құдайым қоса берді
Қаныш құмар Жезді мен Қарсақбайды.
Ұлытауда ертерек таң атады,
Кең даланы әудемде жаңартады.
Ұлылықтың шын сыры осы шығар,
Бабалардың ізіне қаратады.
Содан кеттің, Ұлытау, ән-жырым боп,
Ұларыңа арнаған жан сырым көп.
Етегіңе құрғанда жаңа ауданды,
Ат салыстым аянбай, бір ұлың боп.

11.04.2012


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұлытау жайлы үзік сыр өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Ұлытау жайлы үзік сыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұлытау жайлы үзік сыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұлытау жайлы үзік сыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері