Шопеннің жүрегі – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Шопеннің жүрегі» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2096
Халқының барлық арманын
Күйімен Шопен толғапты.
Қара түн салып қармағын,
Қаумалап қаза торлапты.
Жұмарда көзін айтыпты,
Польшаға қой деп жүрегін.
Аптығып кейін қайтыпты,
Арқалап алып сұм өлім.
Жеріне қоймай шетелдің,
Аманатын ақтапты.
Жүрегін алып Шопеннің
Варшава да сақтапты.
Қасиетті қорымда,
Тұрыпты ұзақ шыны ыдыс.
Жатыпты со бір орында,
Жалынды жүрек бір уыс.
Халқына тілеп бақытты,
Күнді күтіп көгінен.
Жұптасып жүрек жатыпты,
Өзінің туған елімен.
Польшаны Гитлер шаң қылып,
Бояды қанға білегін.
Молаларды жандырып,
Іздеді Шопен жүрегін.
Жүректі халық сақтады,
Қарақшының жолынан.
Қаза болса қарттары,
Жастары алды қолынан.
Жүрек бейне жалаудай
Қолдан қолға ауысты.
Іші күйіп алаудай,
Айласын жау тауысты.
Серпілді Польша түнегі,
Гитлер сұм жойылды.
Ұлы Шопен жүрегі
Қайта орнына қойылды.
1951


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шопеннің жүрегі өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Шопеннің жүрегі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шопеннің жүрегі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шопеннің жүрегі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері