Кеншілік пен ақындық – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Кеншілік пен ақындық» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Кеншіліктен ақындығым нашар ма?
Әлде ақындық кеншіліктен асар ма?
Екі ана,
Екі әке,
Қос жұмыс,
О, табиғат!
Менен жүгің қашар ма?!
Мен дайынмын,
Сен үйе бер қос арба,
Шынымды айтып
Тағы да сыр ашам да.
Мен өлеңге бала жастан ғашықпын,
Кенші болдым өмір жолын ашарда.
Біз дегендер –
Соғыс жылғы балалар,
Көңіл нарқын қас-қабақтан шамалар.
Содан болар, самай ерте күмістеп,
Терең тартты маңдайдағы салалар.
Кейде менің маңдайыма сор бейім,
Кейде өтеді біздің үйде той кейін,
Азаматтық жүгім ауыр болған соң,
Ақындыққа тиіп жүр ғой жол кейін.
Толқып айтсам толғанысты кезімді,
О, туған ел!
Сенсің билер сезімді!
Әкем үшін бір ісіңді тындырып,
Анам үшін жырлап өтем өзіңді!

1970


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кеншілік пен ақындық өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Кеншілік пен ақындық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кеншілік пен ақындық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кеншілік пен ақындық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері