Романс – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Романс» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Аруға біткен сұлулық –
Алланың берген сыйлығы.
Жан баурағыш жылулық –
Құштар жүрек бұйрығы.
Сол сұлулық патшасы,
Ғажаптың көрдім ғажабын.
Шошытпады ақ шашым,
Сағыныш шеккен азабын.
Орманнан шыққан маралдай,
Жайнап тұр қос жанары.
Аптықса демін ала алмай,
Бұлқынды қос анары.
Шыдатпай ынтық тартымы,
Қараймын құлын білекке.
Қара көз өткір жарқылы
Кетті ғой түсіп жүрекке.
Осалдық туды менен де,
Түскендей отқа шын күйдім.
Енді өлдім-ау дегенде...
Ақ сүттей беттен бір сүйдім.
Пәк көңіл гүлін ұсындым,
Жүруші ем қайтып көрместей.
Өзгеріп өңім құлшындым,
Жасарып кеттім өлместей.

30.08.2002.
Астана


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Романс өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Романс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Романс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Романс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері