Мақтанамыз – Гүлмекен Қасенбай

Бұл бетте «Мақтанамыз» атты Гүлмекен Қасенбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Мақтанамыз «мықтымыз» - деп әлемге,
Бізден басқа текті ел жоқтай әлемде.
Ғажап болсақ жетім ұл-қыз қаңғырып,
Не үшін жүр тастанды боп шет елде?!

Мақтанамыз «сыйлаймыз» - деп қарттарды,
Төрден орын береміз деп асқарлы.
Олай болса қарттар үйі неге көп?
Неге біздің қариялар тастанды?

Мақтанамыз «қазақ қызы сұлу» - деп,
Бірақ бізде арулардың құны жоқ.
Сұлу көрсе алдап, тастап кететін,
Жігіттер көп табанының бүрі жоқ.

Неге бізде ажырасқан жұптар көп?
Тірі жесір, тірі жетім жандар көп?
Олар үшін ойыншық адам тағдыры,
Ақ некенің қадірін шын ұққан жоқ!

Неге бізде реніш көп, жылау көп?
Қу жоқшылық, елден ақша сұрау көп?
Сана – кедей, кеудеміз – өр, тәкаппар,
Дым білмейтін надан елміз сөзі көп!

Өзін-өзі танымайтын, білмейтін,
Мінін айтсаң, жек көретін, тілдейтін.
Азғындықтан алдына жан салмайтын,
Елім осы... сүйе тұра.. сүймейтін!


Гүлмекен Қасенбай
21.02.2025


Пікірлер (3)

Айтжан Алихан

Керемет

gumakanapia

Ұнағанына қуаныштымын! 

senbesen

Әп бәрекелді

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мақтанамыз өлеңінің авторы кім?

Гүлмекен Қасенбай — осы өлеңнің авторы.

Мақтанамыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мақтанамыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлмекен Қасенбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мақтанамыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар