Мұңлық – Бозан Есбол Өтежанұлы

Бұл бетте «Мұңлық» атты Бозан Есбол Өтежанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Көз алдымнан кетпей қойды-ау сенің нұрлы келбетің,
Ораласың ойыма сен, түн басқанда жер бетін.

Бір өзіңді көрмегелі өтіпті-ау көп уақыт,
Бүгін саған жыр арнадым, қалам алып, үн қатып.

Тентек ойлар кіріп-шығып, кіріп-шығып миыма,
Қиялыма ерік бердім – бойдақ болу қиын, ә!

Илһамым маза бермей, сұлулыққа мас болдым,
Махаббатсыз адамдарды мен өзіме қас көрдім.

Мінсіз сенің тұла бойың – құдіреті Құдайдың,
Оны ойлап дерттенсем де, амал қанша, шыдаймын!

Тағдырымды шешіп қойған жалғыз Құдай төбемде,
Білмеймін: «Сені енді көрмеймін бе, көрем бе?»

Ғибрәтлі өлең жазып, дәруіштей күн кешіп,
Талай шайыр өтті емес пе өз рухымен тілдесіп?

Ал мен болсам, олардың қатарына жатпаймын,
Тікені көп, жемісі жоқ, иесіз қалған бақтаймын.

8 Ражәб, 1446


Пікірлер (2)

Толғанай

Керемет

Заида

Жақсы

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұңлық өлеңінің авторы кім?

Бозан Есбол Өтежанұлы — осы өлеңнің авторы.

Мұңлық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұңлық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бозан Есбол Өтежанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мұңлық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері