Нәпсі жетегінде
Жүрекке енсе, күдік көп,
Тура жолдан тайдырған.
Нәпсіге ерер аңғал топ,
Бос әуреге салынған.
Тура жолды көрсе де,
Көр соқырдай жаңылар.
Тәубеге қайта келсе де,
Нәпсі арбауы табылар.
Көпке ерер қу маңдай,
Ақырын әсте ойламай.
Адастырар басқаны,
Ақиқаттан қашқанды.
Иманы кәміл болмаса,
Нәпсіге қарсы тұрмаса,
Көмегіңнен не пайда
Сөзің оған далбаса.
Қарап көріңіз
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі