Өлең, жыр, ақындар

Өлкеме шаттанам, мақтанам

Атырауым, сені айтып əрдайым шаттанам,
Мұнайлы өлкемнің даңқымен жар салам.
Ең ұзын көпірмен қуанып əлемге
Осындай ғажапты ұялмай айта алам.
Өлкемнің қыздары намысшыл, қайратты,
Ерлерін сұрасаң, ержүрек, айбаты.
Өлкемнің тарихын сұрасаң егерде
Қарт шаһар-Сарайшық кеңінен танылған.
Өлкемде мұражай мұрамен қамтылған.
Ағзаға пайдалы балығы молынан
Жайықтай өзені толқындай тулаған.
Мекенім-Атырау бабалар қорғаған
Құлсары, Атырау қалалар жанданған
Өлкемнен күйші де, батыр да, ақын да
Туылып өсіпті халыққа жақын да
Махамбет, Исатай қос батыр ержүрек
Өзін емес, ел қамын ойлады қос жүрек
Қалмады олардың ерлігі елеусіз
Ескерткіш қойылды ешбір кем-кем-кетіксіз
Сол жерде алаң бар көрікті, құрметті
Бабалар рухымен жүректі тербетті
" Махамбет Исатай " аталды сол алаң
Мереке, той думан сол жерде тойланған.
Ұлы Отан соғысы басталған кезеңде
Хиуаздай жас ару аттанды елімнен
Орасан ерлігі үлгі боп өзгеге
Қаһарман боп жатталды халықтың есінде.
Ескерткіш қойылды батыр қыз Хиуазға,
Есімі ұмытылмас ұрпағы-біз барда.
Осындай батырмен мақтанып , жар салам
Тарихта олардың есімі сақталған.
Ақын қыз Фариза, өлеңі дариға,
Өлеңі əркімнің жүрегін тербетті.
Еңбегі ақынның біз үшін қазына
Ескерткіш қойылды Фариза ақынға.
Құрманғазы аташым, күйші едің дара шың,
Күйіңмен халықтың жүрегін жауладың.
Мінекей, жарандар, тыңдаңдар, қараңдар
Атырау кезінде Гурьев атанған
Бұл жерде бəрінің жағдайы жасалған
Тұрғындар дəн риза
Қарсылық болмаған.
Оқитын балаға мектептер табылар
Білімнің сапасы жүз пайыз жарқырар
Ауыл мен ауданның жағдайы жақсарған
Бəрі бар бұл жерде толықтай қамтылған.
Атырау Кіші жүз руынан таралған
Бауырмал халықпыз достыққа қараған
Шет елді бөлмейміз өзге деп, бөтен деп,
Өлкеміз қонақжай, қонақты сыйлаған.
Бəрін айт, бірін айт Атырау тамаша,
Далаға шығып ап ойнаймыз балаша
Қарашы қазағым, Атырау жаңаша
Қызығар өзге жұрт сыртынан қараса.
Атырау өлкеме қуанып, шаттанам,
Əрдайым өлкеммен əлемге мақтанам!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз