Жыр жазамыз табиғатқа,,
Қимастықтан көңілде туады аңыз,
Ауысқанда мезгілдер жұбанамыз.
Ақ қарымен балаша қауышсақ та,
Қыс біткенде ел болып қуанамыз.
Тереңдік жоқ адамда ойдан асқан,
Тұңғиығы тартады бойламастан.
Керім күзді қыс келіп алмастырса,
Жібереміз оны да ойланбастан.
Мәртебесін көктемнің ерен дескен,
Жыр жазамыз басқаға теңеместен.
Жыл басы деп көп күткен сол көктемнің,
Қаламыз біз кеткенін елеместен.
Жазда тауып айтамыз әнді ғайып,
Шомыламыз шуаққа әл тыңайып.
Салқын іздеп шілдеде жүрсек тағы,
Жазды қимай қаламыз сәл мұңайып.
Айгүл Қадыр
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі