Өлең, жыр, ақындар

Енеге алғыс



Апама алғыс!


Келін боп түскелі бері,
Ене боп, сынамай мені.
Жанашыр, қамқоршым болған,
Сырласым, жан құрбым менің.
Мың алғыс, өзіңізге Апа!

Үйретіп ас баптауды да,
Шақалақ құндақтауды да.
Қамырды илеп, жаюға,
Кәсіптің көзін табуға.
Бейімдеп, көп бағдар берген,
Мың алғыс, өзіңізге Апа!

Әр балам туылған сайын,
Ұйықтамай қарайтын дәйім.
Жұмысқа шыққан кезімде,
Тамақ та тұратын дайын.
Қолы алтын, кең жүрек анам,
Сіз берген жәрдем-көмекті,
Мен мәңгі есіме сақтаймын!

Сіз барда мереке үйде,
Сізбенен берекем кірген.
Өсірген ұл-қыздарыңыз,
Дарақтай көгеріп, өнген.
Бақытты, армансыз жансыз,
Мың шүкір Аллаға шынымен!

Әлі де жасаңыз ұзақ,
Қыдырып, әлемді шарлап.
Рахат бір ғұмыр кешіңіз,
Зейнет жас қуаныш сыйлап.
Шөбере, шөпшек сүйіңіз,
Сарқылмас тілеймін қуат.
Жанашыр, қамқоршым апам,
Сіз бізге жансыз ең қымбат!
Құтты боп жаңа жасыңыз,
Шапқылап жүріңіз зулап!

09.07.2025



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз