Өлең, жыр, ақындар

Әйелдер - құдайдың жобасы

Әйелдер жобасы құдайдың

Әр әйел өзінше әдемі,
Құпия оның жан әлемі.
"Стандарт" - ақымақтың талабы,
Қуыршақ жасайтын пендені.

Әр әйел өзінше тартымды,
Болса да кескіні сан түрлі.
Әйелдер құдайдың жобасы -
Көбейтер азайған ұлтыңды.

Тәні оның талауға түспесін,
Жаны оның қасірет шекпесін.
Тарихтан жоғалды қаншама ұлт,
Қыздары арсыз боп кеткесін..

Әр әйел - бір ұлттың намысы,
Қанша ерлер мерт болды ар үшін.
Қорласаң бір қызды абайсыз -
Шыныдай шытынар тағдырың!

Ұру ма әйелін, зина ма?
Махаббат дертімен қинау ма?
Бәрінің бересің жауабын,
Аллаһтың алдына барғанда!

Құрметте әйелді шынайы,
Алып бер, не нәрсе сұрайды.
Әйелдер - сарқылмас сұлулық,
Әйелдер - жобасы құдайдың!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз