Жанардағы ғалам
Үн қатқанда кеуде тұста қанша мұң,
Сол мұңымды дәл өзіңдей байқар кім?
Саған ғана табынған бұл жүректің.
Сырын сақтап, тек өзіңе айта алдым.
Періштедей жеткен біздің ақ таңнан,
Жан дүниеме бір тыныштық ап қалдым.
Сен күлгенде әлем бірге күледі,
Сол күлкіңнен шаттық алып шаттандым.
Жазғы жаңбыр жауынындай тынбайтын,
Сағыныш толы сендік ойдан кеш қайттым.
Сенің ізің сезіледі аспаннан,
Бұлт аралап қимастықпен сыр айттым.
Ғаламдағы мың ғажайып күнделік,
Көктем нұрын сырластырған теңдей қып.
Менің әсем гүлге толы бақшамда,
Сенің ғана жанарыңнан тұр тұнып.
Айлы кештер салған біздің суреттен,
Тек жадымда бейнең қалды сақталып.
Айта алмаған барлық сөздер жасырын,
Мәңгі түнге үнсіз кеткен тамшы боп.
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі