Өлең, жыр, ақындар

Бейкүнә сынықтармыз

Бақыт дейтін ғажапты сезімдей қып,
Жүрек қосты күдік пен жол ізденіп.
Толқынында арнаның таси алмай,
Қосылмаған екі өзен секілденіп.

Бір жүрекке неліктен сыймағанбыз,
Сыймай кеттік, әлі де қиналамыз.
Кездеспей-ақ қойсақ қой қайтер едік,
Қатігез махаббаттан жинап аңыз.

Қинадық-ау босқа кінәсіз жүректерді,
Сен айтшы, бұл бізге керек пе еді?
Махаббат бақытсыз боп безінгенше,
Сезбей өтсек, сүюге не кедергі?

Кірпіктен кіршіксіз жас қимай таңды,
Жаралы жүрек емес едік тым қараңғы.
Менде сендей бақытсыз ғұмыр кешем,
Кешірімге қол созып тұр ма, мәңгі?

Қай жерден, кім білсін, қателестік,
Армандарды аңсама жетер естік.
Бір өзенге құя алмай тасқын жүрек,
Жағалауда кете ме амал нешік.

Бәрін қойшы, енді біздер жолықпаймыз,
Жолықпаймыз, баяғыдай сыр ұқпаймыз.
Шын ұнатып кешкеніміз мұң мен өкініш
Бірікпейтін бейкүнә сынықтармыз.

Автор: Оразбай Сарыбаев



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз