Қарт Атам
Көңілінде көп сыры бар сақтаулы,
Жылы сөзге зәрудей, бейне қатпары.
Балаша күліп, болмашы сөзге өксіген,
Аяп кетем, кейде қаусаған қарт Атамды.
Жас күнінде елге пана, күш берген,
Қарашы, міне, бізден демеу іздеген.
Баяғы бойындағы мінез, тік көкірек,
Алғыс қана айтады, бір үзім нан үзгеннен.
Қарт Атамды аяймын мен қынжылам,
Қақ шекесі алынбас бір мұң ғалам.
Жау алдында еңкеймеген ер еді,
Еңкейтіпті өмір, қалжырап, қәлі алжыған.
Қарт Атамның көзі күңгірт, мұңлы анық,
Өткен жылдың көлеңкесі тұр дарып.
Отан үшін шайқасқа түскен арысым,
Енді өзіне қорған боп жүр бұл алып.
Дегеніне жеткізбей өмір қойсын ба?
Қайран өмір, қатыгез, қатал расында.
Ізіңнен барам, Ата, кетсеңде келместерге,
Медаліңді алып, ұстап ап уысыма.
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі