Өлең, жыр, ақындар

Жаңбырмен жеткен сәлем

Емеспін айды да, күнді ұстаған,
Елеспін көктегі гүл құшпаған.
Ғашықпын жердегі бір аруға,
Ай емес, Айдың оған өзі ұқсаған.

Көктегі ақ бұлттың ішіндемін,
Білемін мені жерге түсірмесін.
Жаңбырмен жолдайын сәлемімді,
Жүрегім себелеп дүрсілдесін.

Көңілімнің көктемгі кешін де мен,
Түсіңе талай кірдім, есіңде ме?
Адамға мұнша бауыр баспаған ем,
Есіріп бара жатыр есіл кеудем.

Ғашық жүрек сыймайды екен жай ұғымға,
Елесім тек сол қызды сағынуда.
Тамшы боп түссем бе екен жерге қарай,
Құйылып тамып, махаббат айдынына.

Білмеймін, сол арудан бақ келе ме,
Бұйырмаған бақытты таптым ба әлде?
Бір көрмесем келбетін жүрек сыздап,
Ғашық болған ес түссіз мендік елес бейне.

Автор: Оразбай Сарыбаев



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар