Саянға жырдан шашуым – KAZBEKboken63

Бұл бетте «Саянға жырдан шашуым» атты KAZBEKboken63 жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Саянға жырдан шашуым

Қайғысыз ешбір адам қартаймайды, Мұң-зардан көңіл қалай ортаймайды? Қызық көрмей өмірден ерте озған, Еске алам бауырым Алтайбайды.

Жігіттің қайсар мінез серісі еді, Сол Алтайдың Саяным жемісі еді. Құлының ізді басқан жігіт болды, Қолдап жатсаң тірлігі келіседі.

Өмірлік басыңдағы бағын болған, Аяла, аққуыңды көлге қонған! Күндер тусын қос ғашық бастарыңа, Ақ отауға он шақты бала толған.

Ешкімді қиянатқа қимаңыздар, Ақ сүт берген ананы сыйлаңыздар. Жыл сайын шілдехана, қуанышқа, Туған-туыс, достарды жинаңыздар.

Ешқашан жамандыққа қарамаңдар, Тек қана жақсылықты жағалаңдар. Бір арнада тоғысып жүректерің, Бір-біріңді қадірлеп, бағалаңдар.

Шаңырақты шаттық әні кернесін, Екеуіне пәле-жала ермесін. Жаратушым өзі қолдап сендерді, Қасірет пен уайымын бермесін.

Ақша қардай жауып жатыр ақ тілек, Халқым отыр екі жасқа бақ тілеп. Жарқылдап жүр құдалар мен құдағи Бақыт шамын Саян балам жақты деп.

Құйып беріп сүт, айран, көжелерің, Аман болсын ақ шашты әжелерің. Қуаныштан күлімдеп жүрсін әр кез, Арасында шөпшек пен шөберенің.

19.01.2013ж. Қарағанды қаласы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Саянға жырдан шашуым өлеңінің авторы кім?

KAZBEKboken63 — осы өлеңнің авторы.

Саянға жырдан шашуым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Саянға жырдан шашуым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде KAZBEKboken63 өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Саянға жырдан шашуым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар