Естелік мекені
Бос дала, ескі жолдар салған ізім,
Жүріп өткен күндерім, жаз бен күзім.
Жусан иісі, біз еккен сол ағаштар,
Сол қалпында сақтап тұр сағынышын.
Өшпеген еш бейнесінен естелігі,
Ескі күндер құшақтап ап кеш пен түнді.
Желменен жарысса үйірлі бір топ жылқы,
Дүбірінен дүрс еткен кеш көңілді.
Ескі үйдің терезесін шаңы басқан,
Іші де үнсіз, өмірдің мәні қашқан.
Төбеден бір жұлдыз ағып жерге түссе,
Ауылдасым келді ме, деп жыры дастан.
Өзен, көл, мөлдір бұлақ аққуыда,
Құстар да таңғы әуенмен қапты мұңда.
Жылу іздеп жағалау жүдеп тартып,
Бір қиқу естілмейді айдынында.
Ескі үйдің орындығы бұрыштағы,
Естіледі үнсіз тырс сыбыр лағы.
Сағынғандай сыр шертіп өз бетімен,
Айтқысы кеп өткен күнгі қызықтарды.
Күн батады баяу ғана жоталардан,
Көңіл шіркін кетпейді сол алаңнан.
Ескі үйім естелігім, мәңгі өшпес,
Өткен өмір сыңғырлап сол ғаламнан.
Автор: Оразбай Сарыбаев
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі