Өлең, жыр, ақындар

Ұрпағымын Сақтардың !


Ұрпағымын Сақтардың ,
Тегім менен мақтанмын .
Бізді әлем білмесең ,
Тарихтарды ақтарғын !

Ер жүректі халықпын ,
Жүзім күндей , жарық тым .
Жаугершілік заманда ,
Жігер мінез таныттым !

Достыққа жаным адал тым ,
Дұшпанға қату қатаңмын .
Бар әлемге бүгінде ,
Текті халық атандым !

Қыйын заман өткердім ,
Сындарынан өткелдің .
Сүрінбестен бүгінге ,
Аман-есен жеткенмін !

Өздігімнен ешкімге ,
Соқтықпаймын еш мүлде .
Тура жолдан таймаймын ,
Мына жалған 5-күнде !

Жамандықтан маталғам ,
Даналардан бата алған .
Халық едім кейіннен ,
Қазақ ұлты атанған !

Бабаларым бахадүр ,
Жауынгер мықты ,
Мадақты ұл .
Сенгейсіздер сөзіме ,
Тарихтарда бабамның ,
Есімдерін атап тұр !

Бізді енді танысаң ,
Бағамызды сыймен бер .
Мерейімді асырсаң ,
Жақсыларға игем бел .
Барлық ұлтқа айтарым ,
Аңқау Қазақ , екен деп .
Қатты кетіп алайда ,
Намысыма тимеңдер !

Авторы : Надиров Н .



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз