Өлең, жыр, ақындар

Таңғы тамшы

Емеспін айды да күнді ұстаған,
Елеспін көктегі гүл құшпаған.
Ғашықпын жердегі бір аруға,
Ай емес, айдың оған өзі ұқсаған.

Тербелген ақ бұлттың ішіндемін,
Білемін, мені жерге түсірмесін.
Жаңбырмен жолдаймын сәлемімді,
Жүрегім себелеп, дүрсілдесін.

Көңілімнің көктем кешінде мен,
Түсіңе ендім бе шексіз есіңде ме?
Адамға мұнша бауыр баспаған ем,
Есіріп бара жатыр есіл кеудем.

Сыймас сезім мендегі жай ұғымға,
Елесім тек сол қызды сағынуда.
Түсер ме екем тамшы боп жер бетіне,
Құйылып, тамып махаббат айдынына

Түсінбеймін, сол арудан бақ келе ме,
Бұйырмаған бақытты таптым ба әлде.
Бір көрмесем келбетін, жүрек сыздап,
Қалықтап жүр биікте мендік бейне.

Автор: Оразбай Сарыбаев



Пікірлер (2)

Құпия

Әдемі өлең!!! Керемет!!!

Turan0rda

Рахмет! Мұндай пікірлер көңілге жылы тиеді. 

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз