Бұл заман...
Шыр етіп,дүние есігін ашқанымда,
Бесік жырын анашым бастадың да,
Ержеткіздің жаныңның саясында,
Бас ауыртпай,бір мен деп басқа мұңға.
Сәби шағым сондай бір кереметті,
Уайымсыз бесікке бөлеп өтті.
Бертін келе бесігім тарылғандай,
Бесік түгіл тар көрем кереуетті.
Не себепті,неге бұлай түсінбедім,
Аз шуағын шашады жүзімде күн
Кейбіреудің пәтуасыз атқаратын,
Түсінгім де келмейді ісін менің.
Маған сәлем көгімнен жолдаған ай
Қолымнан келер шама болмағаны-ай.
Адымдасаң аяқтан шалып түсер,
Бұл заманда күн кешем,сонда қалай?!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі