Өлең, жыр, ақындар

Өкпелеме

Бір кездері менде де болған өкпе,
Бірақ қазір бауыр боп кетті демде.
Өкпенің, бәлкім, жеткен шегі шығар,
Өкпелемей, ешкімге кеттім мен де.

Өзгеріп, бір-ақ сәтте, ғалам кейде,
Қуантып ап, өкінтеді адам бейне.
Жаман сөзін жақсы деп ұғына сал,
Қайтесің, өзгермес өмір өкінгенде.

Демеймін мен саған өкпелеме,
Сенің де бар ғой ақың өкпелеуге.
Өксіп алып, тыншығар, бәрібір де,
Болған соң, сен де мендей пенде.

Бәрі үшін өкпелеудің қажеті не,
Жарамаса оның бір әжетіне.
Жан ауыртып, санаңды улап жүріп,
Жеткізеді тек өзінің дегеніне.

Сен де мендей ойлансаң, дейсің бекер,
Кек те ұмытылса орны бар жарық етер.
Өмірді өкпе мен кекке құрбан қылма,
Өкпелеткен де, бір күні келді кетер.

Автор: Оразбай Сарыбаев



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз