Жеңгелеріме
Бұл бетте «Жеңгелеріме» атты Маржан Әлімухамед жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жеңгелерім бар менің егіздейін,
Жүрген кезде жүрісі естілмейтін.
Бір-бірінен көрікті көз тоймайтын
Тамағы да бір тәтті езілмейтін.
Жеңгелерім бар менің егіздейін,
Жаны жайсаң пейілі теңіздейін.
Асыл жеңгем тату ғой ағамызбен
Ыдысының сыбдыры естілмейтін.
Жеңгелерім бар менің егіздейін,
Енесіне әй келін дегізбейтін.
Тату тәтті бәрімен таңғажайып
Екі жеңгем бар менің керіспейтін.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі