Өлең, жыр, ақындар

Кешіріңдер

Мен басқаға жақсы боп көрінбеймін,
Барым осы шынайы менің кейпім.
Сырттан көрген бейнем жалған ғана,
Тек шындықпен өмірдің көшіне ердім.

Мейлі, мені мазақ етіп, жек көріңдер,
Іштей тіліп, ғайбат айтып, кектеніңдер.
Суытып көңіл, жаралап бұл жүректі,
Бақ пен қуанышым ұшып кеткенін көр.

Барлығы өшсін, өкінбеймін, өшінбеймін,
Жолым қиындық, тастасын бәрі мейлің.
Қайта түзеп, мені енді болма әуре,
Өз қалпымнан мәңгілік өзгермеймін.

Жан емеспін қарап тұрар несібеден,
Әттең деп өксіп, тынып сөнбеспін түнмен.
Сында жүгі ауыр тік қарап қарсы алам,
Құламаспын, күйремеспін желдің демімен.

Үлесімді тартып алсаң қайтара бер,
Қайтармасаң, есеп күтер күн есігінде өл.
Тым қаталсың деп сөкпеңдер, ей, адамдар,
Өзгертті өмір, өзгертті өмір, кешіріңдер.

Автор: Оразбай Сарыбаев



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз