Жағалбай деген ел болар
- 0
- 2
Жағалбай деген ел болар,
Жағалтай деген көл болар.
Жағалтайдың жағасы
Жасыл да байтақ ну болар.
Бұл бетте «Тәуелсіздіктің құрдасымын» атты Самал Даулетова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жағалбай деген ел болар,
Жағалтай деген көл болар.
Жағалтайдың жағасы
Жасыл да байтақ ну болар.
Жағама қолдың тигенін,
Жалғыздық, сенен көремін.
Жамаулы киім кигенім,
Жарлылық, сенен көремін.
Жауға шаптым ту байлап,
Шепті бұздым айғайлап.
Дұшпаннан көрген қорлықтан
Жалынды жүрек қан қайнап,
Күлдір-күлдір кісінетіп,
Күренді мінер ме екеміз?!
Күдеріден бау тағып,
Ақ кіреуке киер ме екеміз?!
Сары аязда қата ма
Қайнардың аққан тұнығы?
Қап түбінде жата ма
Болаттың асыл сынығы?
Түйе мойнын тұз кесер,
Жігіт мойнын қыз кесер,
Сартылдаған сары аяз,
Жылқының мойнын мұз кесер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі