Құпия сырлар
Кешегіден қалған, құпия сырлы іздерім,
Сағыныш басып, үйіріліп, күздей мұң.
Ұмыта алмай жүргенім, бәлкім, сол үшін,
Шарасыз күйде шығып, үкілеп шерлі үнім.
Бар сезіміме, аспан, жер, жұлдыз куә,
Мендей сені сүйе де алмас ешкім, сірә.
Сенсіз мына дүние көңілдің бір кір-бөлшегі,
Ілескен ғасырларға, сансыз жылға.
Күннің ғана көзімен жылынып, арман үмітім,
Бейнеңді сенің тек түсімде көрдім шын.
Жанарыммен іздеп, құс боп самғап аспанға,
Бір болу жоқ, бос қиял бәрін сонда ұқтым.
Мазасыз ой толқынында сана жүдеп,
Бір тылсым сыр кеудемде салады әлек.
Мүмкін, сол жазылмаған дертім шығар,
Сені жаным қайта-қайта көргісі кеп.
Сырласшы түнмен, ай сәулесі тілдессе,
Жүрегімнің дүрсілі естілді ме, тіл қат ендеше?
Мауқымды басып, құшақтап ап сені соңғы рет,
Кетейін сосын, жоқ болып мәңгі сол кеште.
Автор: Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі