Өлім мұнарасы – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Өлім мұнарасы» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2161
Бұхарада мұнара
Қаһарлы хан соқтырған.
Елге апат боп бұл ара,
Болған онда кеп құрбан.
Талай ерін кезеріп,
Төккен көздің жастарын.
Өзі тасып, өзі өріп,
Қалаған ел тастарын.
Сөйтіп халық қолымен,
Өз ажалын сайлаған.
Хан шұбыртып тобымен,
Жұртты өлімге айдаған.
Тоймай ажал ындыны,
Кернейлеткен күн ұзақ.
Күнәсі жоқ сорлыны,
Қылғындырған қыл дұзақ.
Қандай қызыл шарапты,
Сіміріп ап толтырып:
Талай оған қарапты
Хан тағында отырып.
Кесіп жолын өмірдің,
Батып қанға — күнәға.
Мұнарасы өлімнің
Атанған бұл мұраға.
Тез кете алмай жанынан,
Аялдайсың кідіріп,
Өтеді көз алдыңнан
Қанды жылдар шұбырып.
1956


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өлім мұнарасы өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Өлім мұнарасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өлім мұнарасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өлім мұнарасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері