Өлең, жыр, ақындар

Бақыт іздері

Берілмесе, не қыларсың сұрағаның,
Шеріңді ақтар, кел, тағы жыла жаным.
Жұбатармын сөзбен, нәзік әлдилеп,
Демеуі болып мен де бір сыналғанның.

Бермесе де саған үйіп-төгіп сыбаға,
Түсірме көңіл, берері әлі бар алда.
Қатал болса да кейде ғажап бұл өмір,
Міндеттіміз бәрібір қиындыққа шыдауға.

Қысқа ғұмыр, ертең, бүгін бәрі өтер,
Келгеміз жоқ бұл пәниге, мүлде бекер.
Бір жарық бар екенін біл, сезіп көр,
Қараңғы жанға жетпесін, жүр түрегел..

Сөндіре көрме жанып тұрған үміттерді,
Алып таста мазасыз ой мен күдікті енді.
Адамның бәрі бірдей емес бақытты,
Біздей келген кімдер келді, кім кетпеді.

Ұқтырар бәрін өте келе уақыт тылсым,
Кеңге жайып ащы дем бар тынысың.
Сен қазір өксіп, тынып тербелгенменен,
Бір емес бірнеше жаннан бақыттысың.

Автор: Оразбай Сарыбаев



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз