Қызылқұм – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Қызылқұм» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 4691
Орта Азия көгінде
Оттай ыстық қызу күн.
Түрікпеннің жерінде
Жатыр жалпақ Қызылқұм.
Жауырынын күн қақтап,
Қатып қалған қан-сөлі.
Сұра желден, ойнақтап
Көшірді екен қанша оны?
Адамдарды тас боран
Қаңбақ етіп үйірген.
Жонға көміп тастаған
Түйелерді жүгімен...
Елдің күші біріккен
Құмды жарып, қақ тілген.
Келеді жас түрікпен
Ақалтеке ат мінген.
Келеді алыс күнді ойлап,
Өзі ие өмірге ол.
Өз қолынан құм бойлап,
Кетіп жатыр темір жол.
1956


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызылқұм өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Қызылқұм өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызылқұм өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызылқұм өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері