Желді кезең

Бұл бетте «Желді кезең» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2289
Қойшының қоңыр әні қой қайырған
Ұшқанда жазғы ауылдың жайлауынан,
Еседі әнмен бірге ерке желдер
Желпініп Желдікезең қойнауынан.
Жарылған аппақ гүлдер қауызынан,
Тамаша айнымайды тау қызынан.
Перзентін сұлулықтың толғатқанда,
Түскендей табиғаттың ауызынан.
Ауаң бар ауру жанды сауықтырған,
Алатау, бір өлеңсің ағып тұрған.
Мен қостым сол жырыңа бір шыңыңды,
Сыртыңнан қарауылдап бағып тұрған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Желді кезең өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Желді кезең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Желді кезең өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Желді кезең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері